«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ («Самұрық-Қазына») беделге зор мән береді және өзінің қызметкерлері мен серіктестерінен әдеп пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын ұстануға талап етеді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, жалпы іскерлік қағидаттарды немесе «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Әдеп кодексін бұзу туралы хабарлау және ондай бұзушылықтарға байланысты дер кезінде шара қабылдау біздің компаниямыздың беделін қорғау үшін маңызды. Әдеп және сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері бойынша жедел желі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның барлық қызметкерлеріне, оның еншілес компанияларына, сондай-ақ іскерлік серіктестеріне қолжетімді.
Бастамашыл хабарлау саясатына сәйкес, Сіз орын алған немесе болжалды кез келген ұрлау, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық фактілері жайлы, сондай-ақ жалпы іскерлік қағидаттарды немесе «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Әдеп кодексін бұзу фактілері жайлы келесі тәсілдермен хабарлай аласыз:
төмендегі «Хабарлама қалдыру» батырмасын басу арқылы; немесе
nysana@cscc.kz электрондық поштасына хат жіберу арқылы; немесе
8 800 080 30 30 нөміріне қоңырау шалу арқылы.
Әдеп және сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері бойынша жедел желіге жүгіне отырып, сіз «Делойт» компаниясы қызметкерлерінің, «Самұрық-Қазына» жедел желісінің тәуелсіз операторының жеке мәліметтеріңізді өңдеуіне және сіздің хабарламаңызды кәсіби және құпия қарауды қамтамасыз ететін «Самұрық-Қазына» жауапты қызметкерлеріне алынған деректерді беруге келісесіз.
Сіздің хабарламаңызды барынша тиімді түрде өңдеу үшін сізге байланысу ақпаратыңызды қалдыру ұсынылады, алайда Сіз сондай-ақ анонимді хабарлама жібере аласыз. Барлық анонимді хабарламалар қарастырылатын болады.
Жедел желінің жұмысы жайлы толығырақ ақпарат алу үшін «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімін қараңыз
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Сіздерге көрсетілген сеніміңіз үшін алғыс білдіреді!